Адамдардың көбі, егер цифрмен нақтылап айтар болсақ, кем дегенде 90 пайызы, болашақ өмір жолын, арман-мақсатын нақты айқындамай, жел айдаған қаңбақ сияқты тағдырдың жазуына мойынсұнып, тірлік кешеді. Әрине, ондайлар өмірде үлкен жетістікке жете қоймайды және тірлікте біраз тауқыметтер тартуына тура келеді.