Амандық тілеуді де әркім әртүрлі айтып жатқанын да көреміз. Қазір көбінесе түшкірген адамға қарата айтылған «Сау бол!» деген тілекті көп естиміз. Бұл негізі орыс тілінен тікелей аударма ретінде қолданылатын сөз. «Сау бол» деген сөз орыстардан енген «Будьте здоровым» деген сөз дейді мамандар.