Адамдардың көбі ұзақ жасауды бақыт деп санайды. Бір қарағанда шындығында солай, өйткені кімнің өлгісі келеді дейсіз және пенделердің көпшілігі фәни жалғанды жалғыз шынайы өмір, өлімнен кейін тірлік жоқ деп түсінеді . Неғұрлым көп жасап, өлім атты барлық қол жеткізген игіліктерімізден жұрдай ететін құбыжықтың келуін кешіктіре түссек, соғұрлым бақытты боламыз деп түйсінетіндер бар. Шындығында солай ма?