Қазақ ағартушылығы тарихында ұлттың ойшыл ғұламаларына ықпал еткен тарихи тұлғалар аз болмаған. Сондай тұлғаның бірі – Қамараддин хазірет. Оның есімі ХІХ ғасырда татар оқығандары арқылы қазақ даласына келген жаңа оқу жәдиттік бағытпен тікелей байланысты. Ол – мұсылман әлеміне танымал болған, әйгілі ойшылы жәдидшіл-реформатор тұлға Шаһабуддин Маржанидің шәкірті.