Қазақ халқының егемендік алған сәттерінде әлеуметтік жағдайында ғана емес, рухани өмірінде де көп өзгерістер болды. Қазақ әдебиетінің көне тарихында қалып, ұмытылып бара жатқан көне жәдігерлеріміздің қыр-сырына үңіліп, қайта қауышуға мүмкіндік туды. Әдебиетімізбен мен мәдениетіміздегі көне жәдігерлеріміздің орны анықталып, көптеген зерттеу жұмыстары жарық көрді. Бізден бұрынғы дәуірлерде туған әдеби жәдігерлер біздің халқымыздың ғасырлар бойы жасаған мәдени мұрасының ажырамас бөлігі еді. Бұл жәдігерлер сонау көне дәуірдегі халықтың ой-пікірін, ұғым-түсінігін, көзқарасы мен түршілігін, ұстанымдары мен күнделікті түсініктерінен, мінез-құлықтары мен тәртібінен де хабар береді.