Ресей саудасы келмей тұрғанда қазақтар шығыста Қытайдан, түстікте Бұхар өлкесінен келетін керуендер халықтың сұранысын қанағаттандырып тұрған. Әрі күзде солтүстіктегі қазақ малшылары өзінің жүн-жұрқасын түйеге қомдап, оңтүстікке аттанатын. Әр үйден, ауылдан белгілі азаматтар ере шығады. Осы керуенді халық арасында «ақ шом» деп атаған.