Қазақ археологиясының атасы, аса көрнекті ғалым, атақты академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның теңдессіз бай ғылыми мұрасын қазақ қоғамы түгел игеріп болған жоқ. Ғұламаның эпистолярлық еңбектері, яғни қолтаңбасы қалған хаттары мен қолжазбалары – тарих ғылымы үшін ғана емес, жалпы қазақ руханияты үшін құнды дерек, тағылымы мол бағалы, құнды мұра! Бұл – советтік қызыл империя тұсында-ақ, қазақ тарихының терең тамырларын зерттеген, рухани жаңғырудың бастамасындай болған мұралар. Сондықтан бұл ғалымның көзіндей мұра болғанымен, жас ұрпақтың рухани көзін ашуға, білім мен ғылымның мағынасын түсіндіруге таптырмас мотивациялық жазбалар болып отыр. Бұл туралы «Қазақстан тарихы» порталына тарих ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Данагүл Ахметкәрімқызы Махат ханым егжей-тегжейлі баяндап берді. Тарихшы өзінің ФБ-парақшасында жариялаған жазбаны еш өзгертпестен жариялауды дұрыс деп шештік.