1939 жылы Ақмола қаласы облыс орталығына айналды. Екінші Дүниежүізілік соғысы басталмай тұрып, қала инфроқұрылымы жақсы денгейде болды. Ақмолада 6 өндіріс орны жұмыс істеді. Жалпы жұмысшылардың саны 1 мыңға жуық, ал халық саны 32 мыңдай болды. 1940 жылы қалада 260 орындық 2 емхана, перзентхана, жедел жәрдем орталығы, орыс колхоз театры секілді басқа да мәдени орталықтар жұмыс атқарды.