1938 жылғы 26 ақпанда ұлттық әдебиет пен өнердің аса көрнекті өкілдері нақақтан-нақақ оққа ұшып, Отанымыздың болашағы жолында құрбан болды. Осы күні Ілияс Жансүгірұлы, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Хамза Жүсіпбекұлы сынды біртуар азаматтар бастаған 36 адамды жер жастандырған.