Әл-Фараби мен Ибн Сина адам мен қоғам мәселелерін , әлеуметтік философия немесе өздері айтқандай, «азаматтық философияны» жан-жақты қарасытыра зерттеді. Олар Платонның ізімен адамдар бақытқа жету жолында бірігу тиіс деген ұғымды алға тартты. Яғни ізгілікке және тұлғалық кемелденуге қол жеткізу. Әл-Фараби мен Ибн Сина антикалық танымды зерделей отырып адам бақыты туралы өздерінің түсініктерін қалыптастырады.