Барша Алаш азаматтарын жаңа жыл – Наурыз һәм бостандықпен құттықтаймыз. Алла Тағала киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туғызып, ырыс-дәулет, бақ-береке нәсіп етсін!«Қазақ» газеті, 1917 жыл Наурыз Сәлем бердік, Жас наурыз, жылдың басы! Жұрттың күткен мінекей ықыласы!Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,Бермек һәркім барынша қонақасы. Келгеніңе құттықтап бірін-бірі,Қуанышта, көрісіп кәрі, жасы.Көңілі түгіл адамның сен келген соң,Самарқанның елжіреп тұр көк тасы. Күйін көріп қуанған мұңсыз деме,Толып жатқан көбінің бар мүддесі.Табақ тартып, «Әмин!» деп қол жайды жұрт,Батаңды бер жарылқар, жыл мырзасы!«Қазақ» газеті, 1914 жыл