Қазақ мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры болған, Қазақ АCСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры қызметтерін атқарған Санжар Асфендияров отандық медицинаның негізін қалаушылардың бірі десек болады. Ол өзі басқарған медицина институтында химия, физика, анатомия, биология, гистология, микробилогия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедраларын ашқан. Ғалым халық арасында жиі кездесетін жұқпалы ауру, індеттердің алдын алу шараларына, тегін дәрігерлік көмек жолында көп еңбек етті. Көбі Санжардың әпкесі Гүлсім туралы ақпаратты аз-кем біледі. Бүгінгі кейіпкеріміз – Гүлсім Асфендиярова.