Қазақ шежіресі Кіші жүзді үш топқа бөледі: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру. Алайда кейбір шежірешілер, айталық, қазақтың әйгілі қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев немесе Кіші жүздің құрамы туралы егжей-тегжейлі шежіре жазған Теңізбай Үсенбаев, осы 3 топтың ортақ атауы Алшын десе, Шәкәрім қажы «Иофшин сөзінде Кіші жүздегі рулар: ең басты елі-алшын. Оған жеті ру деген елдерді атақты Тәуке хан қосқан» дейді. Біздің пікірімізше де Алшындар- Әлімұлы және Байұлы деген топтарға біріккен рулардың одағы, Жетіру оларға кейін қосылған.