Жазба әдебиетіміздің Абайдан кейінгі ірі тұлғаларының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғырдың өмірі мен шығармашылығы Зайсанмен байланысты. 1916 жылы осы өңірде болып, мұғалім болды, шығармашылықпен айналысты. Шығыс Қазақстан жеріндегі ұстаздық қызметін Әбдікәрім Ережепұлы болыс ашқан Шыңғыстай мектебінде бастаған. Өз кезінде екі дүркін Мемлекеттік думаға депутат болған.