Біз көлемді бұл мақаламызда ортағасырлық арабтілді деректер арқылы Орталық Азияның тарихы мен географиясын зерттеу мәселелерін қарастырдық. Тақырыптың зерттелу деңгейі тарихнамалық тұрғыда жан-жақты сипатталып, шетелдік және отандық тарихнамада жеткен жетістіктер негізінде пайымдадық. Орталық Азияның тарихын зерттеу мәселесі арабтілді деректерде қамтылған этникалық тарих пен саяси тарих аясында қарастырылған еңбегіміз көбіне географиялық зерттеу жүргізу мақсатында Орталық Азияның климаты, ландшафты, қалалары мен елді-мекендеріне барынша назар аударуға тырысып бақтық.