Зеңгір көк аспан, ақ мамық бұлттар, ұшы-қиыры жоқ кең дала. Әлемдегі соңғы үлгідегі жойғыш ұшақтардың бірі Су-30 СМ-ді тізгіндеген 27 жасар Ардананың күнделікті жұмыс барысында тамашалайтын әдемі көрінісі. Бірақ бұл әдемі романтика, арманыңның орындалу сәтінде басыңнан кешетін керемет көңіл күй оған бірден келген жоқ. Аға лейтенант Ардана Ботай жеткен жетістік бізді де бей-жай қалдырмады.Әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңындағы ендігі сөз «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, еліміз Қарулы Күштерінің мақтанышы, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет жауынгерлік ұшақты меңгерген ұшқыш қыз А. Ботай жайында болмақ.