Мұрағат қойнауында, көпшілік назарынан тасада, ондаған жылдар бойы Ұлы Отан соғысының ең ардақты қаһармандарының бірінің жанды әрі әсерлі бейнесі сақталған. Бұл – 1944 жылы майдандық қызыл әскер газетінің суретшісі, аға лейтенант Н.Дмитриевтің қарындашпен салған Әлия Молдағұлованың портреті. Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих архивінде (РМӘСТА. М-7 қор, 2 тізімдеме, 856 іс, 21 парақ) құжатталған бұл сурет ұзақ уақыт бойы тасада қалып келді.
Мәдениет
































