Еуразияның байтақ даласына билік құрған Ұлы Түрік қағанаты 583 жылы Шығыс және Батыс қағанаттарға бөлінді, ізінше Қытай империясының дала бағытындағы экономикалық, саяси және әскери агрессиясы үдей түсті. Тан әулеті ұйымдастырған тынымсыз шабуылдардың нәтижесінде 630 жылы Ілік қаған тұтқынға түсіп, Шығыс Түрік қағанаты құлады.