Қазақ әдебиетінің әйгілі ақсақалы Сапарғали Ысқақұлы Бегалин шығармашылығын бәріміз де қастерлейміз. Сол Сапекең үш ұл тәрбиелеп, саналы азамат, салиқалы, білгір маман дәрежелеріне жеткізді. Солардың ең үлкені – Хамит, одан кейін әйгілі режиссер – Мәжит, кішісі Қасым – математик, ұстаз еді. Бүгінгі мақаламызда біз Бегалиндердің екінші буынының төлбасы, ағайындылардың үлкені Хамит Сапарғалиұлы жайында сөз қозғаймыз.