ХХ ғасырдың басында қазақ даласында дүниеге келген мерзімді басылымдар халықты білімге, өркениетке, елдік санаға үндеп, ұлт зиялыларының мінберіне айналды. Солардың ішінде «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақ журналистикасының негізін қаласа, кеңестік кезеңде бұл дәстүр өңірлік басылымдар арқылы жалғасын тапты. Осындай тарихи маңызы зор басылымдардың бірі – 1923 жылдың 1 қыркүйегінде Қостанай қаласында жарық көрген «Ауыл» газеті.
Мәдениет