14 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Ауылға кітап» атты акциясы ұйымдастырылды. Осыған орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен қаламгерлер Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырып жатқан "Алтын қорға үлес қос: Ауыл кітапханаларына 20 000 кітап» акциясына қолдау білдірді.