Еліміздегі баспасөз саласында орны зор, рухани – тарихи тақырыптарды кеңінен насихаттап келе жатқан «QAZAQSTAN TARIHY» порталына өткен 23 мамыр күні «Қашқын қалмақтың лаңы» атты жазба жарияланды. Онда барша қазақтың бір пұшпағы Қобда бетінде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың ХХ ғасыр басында бастан кешірген тағы бір «ақтабан шұбырындысы» жайлы айтылған болатын. Ал мына жазба сол оқиғаның жалғасы істетті. Яғни қашқын қалмақтың кәріне ұшыраған қазақтар ақыр соңында көтеріліс шығарып, онымен қоймай Патшалық Ресейге ауып барып, бас сауғалағаны туралы баяндамақпыз.