«QAZAQSTAN TARIHY» порталының өткен 23 мамыр күнгі жариялымында «Қашқын қалмақтың лаңы», сондай-ақ 13 және 20 маусым күнгі шығарылымдарында «Айдалған ел, аңыраған жұрт» һәм «Қобда беті қазақтарының көтерілісі» атты тарихи-деректі мақалалар жарияланған болатын. Бұл жазбаларда өткен ғасырдың басы 1912 жылдары еліміз шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың бастан кешірген қуған-сүргіні туралы кеңінен толғаған едік. Осы орайда, аталмыш порталдан жоғарыдағы жазбаларды оқыған адамдар арнайы хабарласып шытырман оқиғаның жалғасы жайлы баяндауды өтінгенін болатын.