Серікбай Ақаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Әлмұхамед Көтібаров. Үш арыстың бұрын-соңды баспа жүзін көрмеген беймәлім бұл фотосына бір ғасырдан аса уақыт өткен. Егерде біз оған кездейсоқ кездеспегенде, қалай болар еді? Әлде ол шаң басқан ескі альбомдардың бірінде әлі де талай уақыт іздеушісін сарғая күтіп жата беретін бе еді, кім білсін?Алаштың үш арысы түскен осы көне тарихи фотоға қоса тағы басқадай бірнеше фотоларды ұлт зиялысы Серікбай Ақаевтың бүгінде Алматы қаласында тұратын немересі Гуляфруз Махфузбек қызының жеке отбасылық мұрағатынан алып, алғаш рет бұқаралық ақпарат құралы арқылы жариялап отырмыз.