Мақалада советтік кезеңдегі қазақ тарихының өзекті мәселелерінің бірі – ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы қоғамдық-саяси ахуал, осы кезеңдегі қазақ жастарының саяси белсенділігі мәселесі қарастырылған. Автор бүгінгі күнге дейін есімі елге белгісіз болып келген азаттық жолындағы күрескер Бижан Біләловқа қатысты ұзақ жылдар архивтің «аса құпия» қорында сақталған тың деректерді ғылыми айналымға қоса отырып, бір партиялық тоталитарлық жүйе идеологиясы мен саясатына қарсылық білдіргендерге ресми билік органдары мен қоғамның көзқарасын, күрес әдістерін және бақылау түрлерін, сонымен қатар саяси қуғын-сүргіннің зардаптары мен қасіретін дәйектеп көрсеткен.