Бағдаршам қашан пайда болды? Оның Қазақстанға келу тарихы қалай?Халықаралық бағдаршам күні 5 тамызда атап өтіледі, өйткені дәл сол күні 1914 жылы АҚШ-тың Кливленд қаласында төрт электрлік бағдаршам іске қосылып, қазіргі заманғы бағдаршамдардың басталуына себепкер атанды. Олардың екі шамы - қызыл және жасыл түстері болды. Қазақстанға да бағдаршам алғаш трамвай келгенде қойыла бастады.