Баланы бесікке бөлеу – әлемнің көптеген халықтарына, соның ішінде қазақ халқына тән үрдіс. Климаттық, қоғамдық құрылысына т.б. факторларға байланысты бесіктің жасалатын материалы, пішіні, құрылысы әр түрлі болуы мүмкін. Қоғамдық құрылысына қатысты жағын тарқата айтқанда, көшпелі өмір салтын ұстанатын жұрттардың бесігі талдан иіліп, кішірек болса, отырықшы жұрттардың бесігінің сүйегі ауыр, көлемдірек келеді. Бесіктің көлемі шағын, талдан иілген болуы оның атқа өңгеріп алып жүруге қолайлылығын қамтамасыз етеді.