Барақұлы Бөкейдің хан болып сайлануы кездейсоқ, немесе тек Ресей ықпалымен ғана болған шешім деуге келмейді. Бес Мейрам балалары және олармен көршілес рулар мекендеген Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан және шығысы Балқашқа, оңтүстігі Түркістанға дейінгі алып аймақ Ұлы дала өркениетінің түп қазығы, қара қазаны болғаны ғылыми зерттеулерден белгілі. Осы аймақты мекендеген рулардың қазақтың сан ғасырлық жаугершілік тарихына да қосқан үлесі көп.