Тарих кейде бір ғана фотосуретке сыйып кетеді. Бірақ сол суреттің өзіне де уақыт өз таңбасын қалдырады. Бірде өшіріп, бірде толықтырып, бірде бұрмалап. Қазақ музыкасының зерттеушісі Александр Викторович Затаевичке қатысты төмендегі кеңінен таралған топтық фотосурет ұзақ жылдар бойы әртүрлі басылымдарда әрқилы түсіндірмемен жарияланып келді.