Іле халық баспасынан 2009 жылы жарық көрген, Қаһарман Мұқашұлы мен Кәкеш Қайыржанұлы аударған «Чиң әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» атты кітап негізінде желілес беріліп келе жатқан мақаламызды жалғастырамыз. Бұл жолы Чянлұңның 21-жылы 9-айдың 4-күніне, яғни 1756 жылғы 27 қыркүйекке қатысты тағы бір сарай жазбасын қарастырамыз. Дардаңаның мәлімдемесіне құрылған бұл құжат Ярла мен Нұрадағы қазақ-чиң қақтығыстарын, Әмірсана мен Қожабергеннің әрекетін ғана емес, тұтқынға түскен Шұлық пен Аралбай арқылы Абылай ханға қойылған жаңа саяси талапты да ашып көрсетеді.
Чиң қолбасшылары Абылайдан 15 күн ішінде Әмірсананы ұстап беруді талап етті
Мәдениет