ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында қордаланған мәселелер шашетектен келетін. Халықтың саулығы көңіл көншіттірмейтін. Ауру түрлері көбейіп, дерт асқынған, емі жоқ, шипасы табылмаған қиын шақ. Ер Едігедей туған халқына бостандық таңын жақындату үшін, туған елін ауру-сырқаудан емдеу үшін Алашшыл азаматтар қолынан келгенін жасап, аянып қалмады.