Ұлттық спорт түрлері – еліміздің бренді. Қазақ халқы ежелден барлық мерекелерде жарыс ұйымдастырған. Елімізде ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, қызығушылық оятып келеді. Бұл байқаулар барысында көрермен халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен де таныса алады. Енді осы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды дамыту мақсатында 2014 жылдан бастап Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осымен 5 мәрте ұйымдастырғалы отырған түркі додасы Астана қаласында жалғасын табады. Іс-шара барысында ел астанасына 100 мыңға жуық адам келеді деп жоспарланып отыр. Оның 4 мыңға жуығы спортшылар болады. Осы орайда, күрес туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.