Тәңіртау сілемінің теріскейін бағындырғаннан кейін оңтүстікке жылжитын бағытта Чиң әскерлерінің бірінші беттейтіні Тұрпан еді. Солтүтсік пен оңтүстік екі арасындағы Тұрпан – Шығыс Түркістанның оңтүстігіне ойысатын жолдағы маңызды өткел-тін. Лю Жинтаң Үрімжіні алғаннан кейін бірден Тұрпанға төте тартып, оны да шапшаң басып алмақ болды. Бірақ Манастағы дүнген қолы бекіністі жанқиярлықпен қорғап, екі айдан аса ырықты шайқасты. Сол себепті Зо Зұңтаңның қыс түспей Тұрпанды алу жоспары орындалмады. Қыстан шығып, жорыққа көктем туа аттануына тура келді. Бұл Яқұпбектің де әл жинап, наурыздағы шайқасқа тыңғылықты әзірленуіне орай тудырды. Екі тарап та қиян-кескі соғыстың дайындығына қамданды.