Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Отырар кітапханасының Ақселеу Сейдімбек залында отандық тарих ғылымы үшін айрықша мәні бар ғылыми-мәдени іс-шара өтті. Тарих ғылымдарының докторы, Токио шетел тілдері университетінің визитинг-профессоры Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты монографиялық еңбегінің тұсаукесері көпшілік назарына ұсынылды.
«Елдік феномен» – Қазақ–Цин қатынастарын зерттеудің жаңа деректік мүмкіндігі
Мәдениет