Ел тарихы бәйтеректің тамыры іспетті. Тамыры тереңге кеткен теректің діңі көкке бойлай, бұтақтары жан-жағына қарай жайқала өсері анық. Тамыры тереңге бойламаған немесе зақымданған теректің сұлай құлары тағы айқын.Сол бәйтеректің тамырындай, ел тарихының бір бөлшегі – жер-су атаулары және сол атаулардың берілу, шығу тарихы. Оны ғылым тілінде топонимика дейді.