Дүниеде дозасы ең күшті есірткі ол – коммунистік билік. Мансапқа уланған Сталин мен оның сыбайластары үшін өзіне қарсы келгендер мен бостандық сүюшілердің жұмыр жер үстінде ғұмыр кешуге ешқандай да қақысы жоқ болатын. Бұған басты дәлел 1926 жылдың қарашасында жарияланып, 1927 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 18 тармақтан тұратын, (кейін 14 тармаққа қысқартылған) КСРО қылмыстық кодексінің 58-бабы еді. Енді осылардың ең басты тармақтарына тоқтала кетейін.