Сарыарқаның негізгі су артериялары Есіл –Нұра өзендері арасындағы алқап қазақ өркениетінің алтын бесігі. Бұл алқаптағы ортағасырлық қалалар туралы алғаш жазған академик Ә.Х.Марғұлан. Академиктің «Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане» мақаласында Нұра бассейніндегі жеті қалашықтың ішінде Мартык атауы кездеседі: «В 1949 году при обследовании долины низовьев р.Нура, ... выявлено семь поселений, расположенных друг от друга в 15-20 км (шесть на правом берегу реки). Одно поселение со следами караван-сарая находилось в усальбе колхоза Оркендеу, другое – на Мартыке, третье –в Уялах, четвертое – на территории колхоза им. Тельмана, два возле гор Карт, и наконец, сравнительно крупный холм в устье р.Нуры, на ее левом берегу. Нами он отождествлен с древним Ботагаем» (Маргулан, 1978, с.26). Бұл жазбадағы «Мартык» біз әңгімелеп отырған «Мортық» болуы керек деп есептейміз, мақалада ескерткіш туралы басқа мәлімет, орналасуы, сипаттамасы жоқ.