Көк аспанның астында Ұлы Дала дүбірі – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатқаны баршаға мәлім. Ел имиджіне оң әсері бар бұл шара Арқа төсінде орналасқан Астанананың көркін айшықтай түскендей. Әсересе туристер мен қала тұрғындарына арнайлап ашылған этноауыл дода салтанатына сән, мазмұнына мән қосып келушілерге айрықша әсер сыйлады. «Көшпенділер әлемі» этноауылының тыныс-тіршілігі жайлы фотосуреттер ұсынамыз. Сонымен қатар көпшенділер ойыны аясында «Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» саябағы және Орталық саябақ аумағында этноауылдар ашылып, 7 қыркүйектен бастап қонақтарды қабылдап жатыр. Аталған алаңдарда Астана және еліміздің басқа да қалаларынан келген өнер ұжымдары халыққа әуезді ән арнап, өнерлерін ортаға салып жатыр.