Қазіргі кезеңде экологиялық мәселелердің себеп-салдарын зерттеу мен оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру қоғам үшін өте маңызды екені белгілі. Осы ретте бұл бағыттағы өзекті тақырыптарының бірі – Еуразия кеңістігіне бейімделген және оны оңтайлы игерген көшпелі халықтардың этноэкологиялық дәстүрлерінің тарихи тәжірибесін зерттеп қарастыру.