Осыдан тура 34 жыл бұрын яғни 1990 жылдың 25 қазаны күні Жоғары Кеңес Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Декларацияда қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі және ұлттық намысын қайта жандандыру мен дамыту ең басты міндеттердің бірі ретінде бекітілді. Бұл расы керек, Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған алғашқы заңдық құжаты еді. Өкінішке қарай, қазақ халқын қызыл жүйе тырнағынан алып шыққан бұл күн мемлекеттік мереке ретінде мәртебе ала алмады. Тіптен саяси маңызын жоғалтып, ел санасынан өшіп қала жаздады.