Кенесары хан тек үлкен рухани мұра қалдырған жоқ. Сонымен қатар оның артынан қалған мұрагерлері де көп болды. Мысалы, оның ұрпағы Ахмет Кенесарыұлы 1917 жылғы болған көтеріліске дейін басылып шыққан өзінің кітабында былай деп жазадыі: «Кенесары хан қайтыс болғаннан кейін оның екі әйелінен 8 ұл қалды. Алғашқы әйелі, күйеуге шыққан ханша Құнымжаннан — Жапар, Тайшық және Ахмет, ал екінші әйелі, Жаным ханымнан — Омар, Осман, Әбубәкір, Сыздық және Жегей. Сұлтанның қайтыс болған кезінде Тайшықтың жасы 20, Садық 10, Ахмет 5 жаста еді».