Қазақ тарихындағы тұңғыш әдеби кеш Абайға арналған. Иә, бас ақынның құрметіне арналып Семейде алғаш рет (1913) педагог, журналист, Алаш қайраткері Нәзипа Құлжанованың ұйымдастыруымен өтеді. Содан кейін әдеби кеш ұғымы қалыптасып, жылма-жыл түрлі кештер өтіп жататын.Әдеби кештер қалай өтті? Әдеби кеш Семейден басқа қай жерде өтті? Әдеби кештердің мақсаты қандай еді? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеп жүріп, ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінен таптық («Айқап» журналы, «Қазақ» және «Сарыарқа» газеттері). Ендеше, сол жауаптарды бірге қарайық: