Бірер апта бұрын елорда төрінде «Отандастар» қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен әлем қазақтары бас қосқан форум өтті. Мәртебелі жиынға түркиялық Нұрахмет Гюнеш атты егделеп қалған ағамыз келіпті. Бағзыдан бергі бір әдетім, түркиялық көнекөз қазақтарды көрсем болды, сонау 1940-шы жылдары Алтайдан ауып, Анадолыға барған алғашқы көштің баяны жайлы сұрамай тынбаймын. Әркез бұрын-соңды хабарым болған бір оқиғаны естимін. Бұл жолы да қызық әңгіме естіп тебірендім. Сонымен...