Бүгін елордада «Ақ жол» демократиялық партиясы М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ қолдауымен «Алаш» Республикасы мен Алаш Орда: Жапония Сыртқы істер министрлігінің мұрағатында қандай құпия жатыр?» атты ашық дәріс өткізді. Дәрісте Хоккайдо университетінің (Саппоро, Жапония) Славян-Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының ортаазиялық зерттеулер профессоры Томохико Уяма баяндама жасады.