Қазақтың әдеби фольклорында жауынгерлік ерлік һәм жорық жырлары негізінде жазылған «жыраулық поэзия» деген жанр бар. Мысалы, сонау көк түркілер дәуірінен бізге жеткен жыр мәтінде:«Жарқылдаған от пен, Сарқыраған судың ішінде, Ержеткен – Көк тәңірінің оғландары, Бүкіл түрік жұртының, Арландары мен қабыландары» - деп жырланса, қазақтың жауынгер ақыны Махамбет Өтемісұлы: «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-Еңку жер шалмай, Ерлердің ісі бітір ме?!» дейді. Қазақтың жауынгерлік жорық жыры екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де үзілмеген көрінеді. Биыл ұлы жеңістің 80 жылдығы. Осы орайда, майданда қан кешіп жүріп жазған қазақ жауынгерлерінің «жорық жырларын» ұсынып отырмыз.


Мәдениет
