Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен.Ұлытау – қазақ үшін айрықша қасиетке ие, құтты мекен. Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған киелі мекен. Дәл осы жерде болашақ қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Сол қазақ мемлекетін бұрын соңды болмаған деңгейге көтерген айбарлы Абылай да осы топырақта ақ киізге отырып үш жүздің ханы болды Сол секілді қазақтың хандық дәстүрінің соңғы буыны Кенесарының салтанаты түрде тәж кию салтанаты өткен жер де осы қасиетті Ұлытау даласы еді.