Көнеден келе жатқан қазақтың жыл қайыру есебі бойынша биыл қара Қоян жылы кіріпті. Жалпы Қоян жылы жайлы халқымыздың фольклорында:Келетін төртінші жыл Қоян екен,Қысы қатты, ал жазы аялы екен,Ақ қоян, қара қоян, қызыл қоян,Ішінде сары қоян саялы екен,- деген жыр барын білеміз. Осы шумақта айтылғандай 12 мүшелдің төртінші жылын қазақтар – қоян деп атаса, телеуітер – қойон, алтайлықтар – тулай, өзбекше – қоян немесе тауышқан, сары ұйғырлар – тосқан, ноғайша – қоян дейді екен.