Абылай хан өмірден өткен соң Қазақ хандығы бытырау-тарау күйге түсті. Ортақ ұлы хан сайлап, бір орталыққа бағыну түгілі әр жүздегі ықпалды сұлтандар қарамағындағы жұртымен бірге жеке күнін көруге кірісті. Мұны Патшалық Ресей мен Цинь империясы, Қоқан мен Хиуа хандықтары сияқты көршілер де өз мүдделеріне сай пайдаланды. Осылайша қазақ халқы шет жұрттардың бодандығына түсті.