Ертеректе «Қарқаралы басында жалғыз арша, хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша» деп басталатын қазақтың классикалық әні бар еді. Қазір де айтылады ғой, бірақ елдің өз ішінен, өзегін жарып шыққан, Сарыарқа қазағының туған жеріне деген махабатын, мұңын қоңыр дауыспен жеткізетін әншілердің орындауы ерекше болатын. Қарқаралының қасиетін түсіну үшін оның тарихын білу керек, ол тарихты білу үшін шежіре қариялар керек.