Әлем тарихында көшпенділер мәдениеті деген бар. Бұл ұғымның ішіне: тұрмыстық өмір сүру әдебі, қолөнері, салт-дәстүрі және соғыс жарақтары мен жауынгерлік іс-қимылдары жатады. Ежелгі көшпенділер өз дәуірінде соғыс қаруын жақсы дамыта алды. Соның бірі – найза. Бұл туралы халқымыздың эпостық жырлары мен фольклорлық мұраларында көп айтылады.